2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 407-416-қосымшалар) (үзінді) (2007.06.11. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

Қаржы министрлігі ұсынатын электрондық қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

416-ҚОСЫМША

 

603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»

деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1719729 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он тоғыз миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының 14 облыстарында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;

2) мониторинг жүйесін құру және бағдарламаны іске асырудың мерзімдік талдауын жүргізу;

3) мамандандырылған оқу орталықтарын құру және АТ-мамандарының біліктілігін жоғарылату;

4) интернет желісіндегі қазақстандық сегментті толықтыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ақпаратты-танымдық бағдарламаларды әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын қоғамдық қолдауды қалыптастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

1) Қазақстан Республикасының 14 облыстарында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту 3% кем болмайды;

2) отандық АТ-мамандарының дайындау және біліктілігін жоғарылату үшін жағдай жасау;

3) халық үшін Интернет желісіндегі ақпараттарды ыңғайлы және сапалы іздестіру;

4) веб-портал арқылы ақпараттық технологиялар саласында жаңаланған және танымды ақпараттарды халыққа ұсыну;

5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық теңсіздікті төмендетудің бағдарламасының іс-шараларының іске асыру барысын ірі ауқымды баяндау.